Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді.
Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын бастады. Атырау облысынан комиссия құрамына облыстық мәслихат төрағасы Муса Хайруллиев енген болатын.
Елеусін Ибрагимов,
белсенді жас



