Ата заңымыздың жарияланған жобасында адамның жүйе алдында ерекше осал болатын жағдайларына айрықша назар аударылған. Ұстау және қамауға алу тек заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша, міндетті сот бақылауымен және шағымдану құқығымен жүзеге асырылатыны бекітіледі.
Адамға бостандығын шектеудің себептері мен құқықтары түсіндіріліп, қорғаушыға қол жеткізу ең ерте кезеңнен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл нормалар саяси мәлімдемелер ретінде емес, еркін шешімдердің қаупін азайтып, құқық қолданудың болжамдылығын арттыруға бағытталған нақты ережелер ретінде маңызды.
Жеке өмірді цифрлық технологияларды ескере отырып қорғаудың тікелей бекітілуі – түбегейлі жаңа элемент. Жоба хат-хабардың, келіссөздердің, хабарламалардың, дербес деректердің және банк құпиясының қол сұғылмастығын бекітеді. Онда жеке өмірдің бүгінгі таңда тек физикалық кеңістікте емес, цифрлық ортада да жүзеге асатыны мойындалады. Алғаш рет Негізгі заң деңгейінде жеке өмір мен дербес деректерді қорғау цифрлық технологияларды қолданумен тікелей байланыстырылып отыр (21-бап), бұл –қазақстандықтардың күнделікті өмірінің жаңа шындығына конституциялық нормаларды бейімдеудегі аса маңызды қадам.
Қанат ҒҰМАРОВ



