Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілгені қуантады.
Бұл - мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші. Әр азаматтың заң алдында тең болуы, пікір білдіру еркіндігі, еңбек ету және әлеуметтік қорғауға құқықтарының нақты әрі айқын жазылуы қоғамдағы әділдік қағидатын нығайтады.
Конституция - жай ғана заң емес, ол әр адамның күнделікті өміріне тікелей әсер ететін құжат. Сондықтан адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады деп ойлаймын. Бұл құқықтық әрі әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.



