Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту

(0 Votes)

Жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер - қоғам үшін аса маңызды қадам деп ойлаймын.

Өйткені Конституция - әр азаматтың құқығын айқындайтын және қорғайтын негізгі құжат болып саналады. Егер онда адамның қадір-қасиеті, теңдігі, сөз бостандығы мен әділ сотқа қол жеткізу құқығы нақты әрі айқын көрсетілсе, бұл құқықтық мемлекеттің нығаюына ықпал етеді.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады деп ойлаймын. Әрбір адам өз құқығының заңмен қорғалатынын сезінсе, қоғамда әділдік пен тұрақтылық орнығады.

Сондықтан жаңа Конституция жобасындағы бұл бағытты қолдай отырып, оның ел болашағы үшін маңызды әрі уақыт талабына сай өзгеріс екеніне сенім білдіргім келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT