Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы нақты көрсетілуі – қоғам үшін үлкен өзгеріс. Әрбір азаматтың қадір-қасиетін қорғау, заң алдында теңдігін қамтамасыз ету және әділ сотқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру– құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі.
Бұл нормалар тек құжат күйінде қалып қоймай, іс жүзінде тиімді жұмыс жасауы қажет. Азаматтардың пікір айту еркіндігі, еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қорғау құқықтарының нақты кепілдіктермен енуі елдің тұрақты дамуына негіз болады.
Жаңа Конституциядағы адам құқықтарына қатысты бастамалар мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді ұлғайтып, әр адамның өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінуіне мүмкіндік беретініне сенім мол.



