Жақында 2012-2013 жылы туған қыздар арасында баскетболдан республикалық «QURMANGAZY CUP» турнирі өткізіліп, 12 команда бақ сынаған болатын. Атап айтсақ, олар – «Орлы Манаев» (Құрманғазы ауданы), «Ақтөбе Smart bilim», «Ақтөбе Алға 3-ші орта мектебі», «Атырау БЖСМ-6», «Ск Орал», «Құлсары Қосшағыл», «Махамбет БЖСМ», «Ип. Айша», «Мақат», «Индер», «Бегалиев-РТС» (Құрманғазы ауданы), «Қиғаш» (Құрманғазы ауданы) командалары. Осылайша, үш облыс, бірнеше ауданнан қатысқан баскетболшылар арасындағы турнир қызықты және тартысты өтті.
Командалар жан-жақты дайындықпен келгені байқалып, осал еместіктерін көрсетті.
Екі күнге созылған турнир нәтижесімен құрманғазылық қыздар намысты қолдан бермей, «Орлы Манаев» командасы жүлделі І орынды иеленді. ІІ орынға «СК Орал» командасы шықты. ІІІ орын «Ақтөбе Алға 3-ші орта мектебі» командасына тиді. Тағы бір қуанышты жаңалық «Орлы Манаев» командасынан Томирис Ерланқызы «Үздік сұрмерген», Аягөз Бақытжанқызы «Үздік қорғаушы» аталымымен марапатталды. Барлық командаларға, жаттықтырушы Асылмұрат Төремұратұлына аудан әкімі А.Жанғалиевтің Алғыс хаты ұсынылды.