Кіші аяқ доптан өткен турнир

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде Теңіз ауылдық округінің тумасы, аудан спортының дамуына өзіндік үлесін қосқан абзал азамат, марқұм Жәнібек Рахимовтың туғанына 45 жыл толуына орай кіші аяқ добынан турнир ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанына аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Булеков, марқұмның отбасы, туыстары және бірге өскен құрбы-құрдастары қатысты.

Алдымен Әнұран шырқалғаннан кейін спортшының рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Туыстары атынан Сәрсенбай Шамашов, замандасы Нұрлыбек Ғизатуллин сөз сөйлеп, марқұмның азаматтық келбетін сипаттады.

Турнирге алты команда қатысып, өзара бақ сынады. Қорытындысында «Өрт сөндірушілер» командасы жеңістің тұғырынан көрінсе, «Білім бөлімі», «Атырау-Жарық» командалары ІІ, ІІІ орындардан көрінді. «Үздік қақпашы» аталымымен «Атырау-Жарық» командасының мүшесі Қанат Хасанов марапатталса, «Үздік шабуылшы» атағын «Өрт сөндірушілер» командасының қатысушысы Ернар Ғабдулмажитов, "Үздік қорғаушы" атағын Нұрлыбек Қатимов иеленді.

Турнирдің жабылу салтанатында марқұмның зайыбы Мейрамгүл Құспанова жарыстың өтуіне атсалысып, қолдау білдірген жерлестеріне риясыз алғысын білдірді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика