Кикбоксерлеріміздің кезекті жеңісі

(0 Votes)

Кикбоксинг — қол мен көздің үйлесімділігі мен тепе-теңдігін жақсартатын, дененің күшін арттыратын спорт түрі. Каратэ, бокс сияқты жекпе-жек өнерінен ерекшелігі — жылдамдық пен дәлдікті қажет етеді. Кикбоксингтің бірнеше түрі бар, олардың әрқайсысының ережелері де әртүрлі.

Өңірімізде кикбоксинг спортына қызығушылар саны артып келеді. Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде білікті бапкер Нұрлыбек Сәрсенғалиевтің қол астында жаттығатын жас жеткіншектердің жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

Ақпан айының басында аталған мектептің кикбоксерлері Атырау қаласында өткен облыстық біріншіліктен табысты оралды. Барлық қарсыластарын ұтқан Данат Алпысұлы мен Жандос Жұмажанов жеңімпаз атанып, Қазақстан чемпонатына жолдама алды. Ақтық сында есе жіберген Әлихан Сайын мен Ерасыл Қамидолла күміс медальға қол жеткізді. Бұдан бөлек, ағайынды Ерасыл мен Нұрасыл Ержанұлдары, Нұрсұлтан Мәдібек, Бексұлтан Сұлтанғалиев қола медаль еншілеп, қанжығалары майланды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT