Атыраудағы NIS-тен желілік пәндік олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 18 оқушы қатысып, бақ сынады. 12-сынып оқушысы Аида Қалиасқарова білім додасына қазақ тілі пәнінен 2-рет қатысуда.
– Өткен жылы 2-орын иеленген едім. Өз қалаған мамандығым, бағытым басқа бола тұра, мен әлі осы қазақ тілі пәнінен қатысып жүрмін. Өйткені, қызығушылығым мол, – дейді Аида.
Ал, 10-сынып оқушысы Бекет Айбар биыл білім бәйгесі алаңында бірінші рет сынға түсті. Ол додада ең бастысы жақсы дайындық қажеттігін атап өтті.
– Менің ойымша, желілік олимпиада өз деңгейінде өтті. Осы жолы алғаш рет қатыстым. Қобалжулар болды, бірақ, жақсы дайындықтың арқасында олимпиаданы жақсы жаздым деген ойдамын. Олимпиада сұрақтары негізінен біз өткен тақырыптар бойынша құрастырылған. Бүгін маған қыпшақтар туралы сұрақ келді. Оны біз 7-сыныпта өткен едік. Бірақ, мүғаліміммен жақсы дайындықтың арқасында, бұл сауалдарға да сәтті жауап бердім деген ойдамын, – дейді жас тарихшы.
Айта кету керек, Атыраудағы NIS-тен желілік білім бәйгесіне 40 оқушы қатысты.