Құрманғазы ауданында аудандық аурухана қызметкерлері жылжымалы медициналық кешенімен аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін сәуір айының басынан бастап жұмысын бастады.
Қазіргі кезде ауылдық округтерді аралау графигі құрылып, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген. Жылжымалы медициналық кешен бойынша қан қысымын өлшеу, сатурация тексеру, қан құрамындағы глюкоза мен холестерин деңгейлерін экспресс тәлісімен анықтау және бейінді мамандар офтальмолог, отоларинголог, травматолог, кардиолог, невропотолог,стоматолог , акушер гинеколог, УЗД дәрігерлерімен қамтылған.
Осы құрамдағы дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.