Құрманғазыда COVID-19 инфекциясы анықталған адамдардың қай жақтан келгені белгілі болды

(0 Votes)

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаровтың хабарлауынша,бүгінгі 26 мамырдағы жағдай бойынша Құрманғазы ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам анықталып отыр.

«Олардың 5-еуі Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келе жатқан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғындары. Олардың не жеке көліктері жоқ, не қолдарында қаржылары жоқ. Сол Санкт-Петербург қаласынан жол бойы көлік тоқтатып, біздің шекараға дейін жеткен. Сол бойда екі күндік карантиндік стационарға жатқызылды.

Тест қорытындысымен олардан қауіпті дерт бойынша оң нәтиже анықталды. Қазіргі таңда облыстық инфекциялық стационарға жатқызылды.

Алтыншы науқас Мәскеу қаласындағы медициналық институттың 3 курс студенті. Карантиндік стационарда одан да COVID-19 инфекциясының оң қорытындысы анықталып, облыстық стацонарға дереу оқшауланып жеткізілді.

Яғни, Құрманғазы ауданында тіркелген бұл науқастардың барлығы да өңір тұрғындарымен ешқандай қарым-қатынаста болған жоқ» дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521