Екі жабағы ұрланып, қылмыскер ізін суытқан

(0 Votes)

Жеке кәсіпкер Тотан Жұмағалиев иелігіндегі екі жылқысы ұрланғанын, біреуіне 3 апта, екіншісіне 10 күн болғанын шырылдап жеткізіп, полиция бөліміне арыз жазғанын, ол бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.

Қылмыскерді тезірек анықтап, жаңа заңнамаға сәйкес оған тиісті жаза тағайындау қажеттігін ескертті. АПБ бастығының орынбасары Манарбек Үмбетәлиев түскен арыз бойынша іздестірілу шаралары жүзеге асып жатқанын қаперледі. Жалғызбасты ана Клара Ұзақбаева жеке тұрғын үйінің апаттық жағдайда екенін, оның заңдастырылмағанын, қазір туыстарының баспаналарын жағалап жүргенін айтып, өзінің қалатасы көтеретіндей қаржыға ауылдан үй тауып беруді өтінді. Аудандық құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов үйдің құжаттарын өзіне әкеліп көрсету қажеттігін ескертіп, заң тұрғысынан көмек бере алатынын айтты.

img_8214

Жасталап ауылының тұрғыны Алма Испусинова жеке кәсіппен айналысатынын, дүкеніне түнгі мезгілде жастар келіп арақ сұрап мазалайтынын, артынан бір-бірімен төбелесетінін алға тартып, мұндайларға қатаң шара қолдануды міндеттеді. Ауыл тұрғындары Мүбина Оразалиева, Алтын Шнибаева, Асылбек Махахов жаяу жүргінші жолы, жеке адамдар үшін балық аулауға рұқсат берілетін кезеңдер, Жасталаптағы өткелді Шортанбайға көшіру, қалаға жету үшін пойызға мінудің азабы, төртінші бекетке пойызды тоқтату туралы түйткілді жайларды қозғады.

img_8221

Еңбек ардагері Тілепбай Машанов түп тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме жаға бойын тегістемейтінін, соның салдарынан малдар балшыққа батып қалатынын айтып ренішін білдірді. Газ түтіндіктері т.б. жабдықтарын техникалық қауіпсіздіктен өткізіп, халықтан ақша жинайтын түрлі мекемелердің көбейіп кеткенін, олар ақауы шығып тұрған құралдарды қарағысы келмейтінін сынға алып, бұл жұмыспен өрт шығу қауіпсіздігінен хабары бар арнайы мамандандырылған мекемелер айналысу қажеттігін ескертті.

img_8225

Ауыл тұрғыны Бейбіт Ғабдуллина үй-үйден төлем жинайтын мұндай адамдардың жанына округ әкімшілігінен бір маман жүрсе, көрінгенге алданбай, жалған ақша жинаудың құрығынан сақтандыратынын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521