Атырауда полиэтилен шығаратын газ-химия кешені салынады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау облысында екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі, полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің (KLPE ЖШС) құрылысы. Іске асыру кезеңі - 2023-2027 жылдар. Сондай-ақ бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша жоба ("Бутадиен"ЖШС). Іске асыру кезеңі - 2024-2025 жылдар", – деп хабарлады Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кету керек, бүгінде облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы, KPI ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Газ өңдеу зауытының құрылысы ("GPC Investment"ЖШС) бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521