Үздік оқырмандар ұлығыланды

(0 Votes)
Кітапханадағы шара
Кітапханадағы шара

Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен жыл қорытындысымен «Үздік оқырман-2022» шарасы өтті.

Кітапхана төрінде «Менің сүйікті кітаптарым» көрмесі ұйымдастырылып, үздік оқырмандар Анар Хашуова, Хиуаз Шамбозова, Нұрлан Есенғалиев, Төлеп Шарипов, Үздік оқырман отбасы – Өтегеновтер жанұясы қошеметпен ортаға шақырылды. Төрге жайғасқаннан кейін аталған оқырмандар өздері және оқыған кітаптары жайлы айтып, олардың мазмұнын қысқаша әңгімеледі. Шараны аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина қорытындылап, қатысып жатқан зиялы қауым өкілдеріне ризашылығын жеткізіп, оқырмандарды кітапханамен жақсы байланыста болуға шақырды. Осыдан кейін жыл үздіктерін түрлі аталымдармен ұлығылады.

zdik-oyrmandar-lyylandy1

Жыл қорытындысымен Өтегеновтер отбасы «Үздік оқырман отбасы», Төлеп Шарипов «Талғампаз оқырман», Нұрлан Есенғалиев «Белсенді оқырман», Хиуаз Шамбозова «Ізденімпаз оқырман» атанса, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Хашуова «Үздік оқырман – 2022» аталымын иеленді. Бір топ адам «Кітапхана жанашыры» аталымына лайық деп табылып, бәріне де дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Ерасыл Самиғоллаевтың әнінен соң, шараға қатысушылардан Балғаным Хасенова, Талшын Мырзабекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов, Таңатар Дәрелов, Өмірзақ Қажымғалиев,Төлеп Шәріпов ризашылықтарын білдіріп, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина бастаған ұжымының жұмысына жақсы баға беріп, жаңа жылда жемісті еңбек тіледі.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521