Музейде тарихи-танымдық шара өтті

(0 Votes)

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы Жолдасқали Досмұхамбетовтің туғанына 105 жыл толуына орай «Мұнай мұхитының көшбасшысы» тақырыбында тарихи-танымдық сабағы өтті.

Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледж студенттері мен музей мамандары қатысқан шарада білікті мұнайшы ретінде атағы шартарапқа танымал тұлғаның өмір жолы, еңбектегі жетістіктері жан-жақты таныстырылды. Сабаққа қатысушылар елге сіңірген ерен еңбегі арқасында екі рет Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болған танымал мұнайшының музейдің көрме залына қойылған «Құрмет белгісі», «Еңбек ҚызылТу», «Ленин», «Октябрь Революциясы» ордендері мен медальдарын тамашалады.

Шарада Қазақстан мұнайының дамуына елеулі үлес қосқан Жолдасқали Ахметұлы Ембі кен алаңдарындағы жер қабаттарынан мұнай іздеудің сейсмикалық тәсілін өндіріске алғаш рет енгізген ғалым екендігі баса айтылды. Сонымен қатар, Құрметті мұнайшының музей қорында жинақталған құжаттары мен фотосуреттерден жасалған экспозиция жіті түсіндірілді.

Сабақ барысын Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми-зерттеу секторының маманы Ажар Карамурзина жүргізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT