Екі ғасырдың естеліктері - құрманғазылық зейнеткердің мұражайында

(0 Votes)

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының тұрғыны Ғалымжан Мұқашев өз үйінен музей ашты. Зейнеткердің жеке қорында 100-ден астам жәдігер бар. Көбі ретро стильде. Екі заманның естелігін бір бөлмеге сыйғызған коллекционер Жапырақты ауылында тұрады, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2260c1b7-4add-4802-81f9-df49a389c482

35f38036-f924-4979-9cc8-f37b87ee685a

Ғалымжан Мұқашевтің негізгі мамандағы есепші. Ескі заттарды жинауды бала кезінен бастаған. Уақыт өте хоббиі көздің жауын алар шағын музейдің ашылуына түрткі болды. Ерекше іске құлшыныс берген алғашқы экспонат- анасының ұршығы екен. Көрген жанды елітіп әкететін бұйымдардың дені 50-70-ші жылдарға тиесілі. Кейбір жәдігерлердің жүз жылдан астам тарихы бар. Көршісі тапсырған диірмен де 2 ғасырдың куәсі. Музейге малдың сүйегінен жасалған көне ұршық та қойылған. Төл теңгенің алғашқы нұсқаларын да тамашалауға болады.

e61d87d8-345a-452b-bcff-9f1bfc21cad8

-Ұрпақ бар, немерелерім бар. Соларға бір мұра болып қалсын деген ниетте осы музейді аштым. Тәрбиелік мәні бар деп есептеймін. Қазір қорда телевизор мен радиоқабылдағыштың, сағат пен музыкалық аспаптың, шамның  бірнеше түрі бар. Ескі фотоаппараттарды да кездестіруге болады. Бәрі түп нұсқа қалпында сақталған, дейді Ғалымжан Мұқашев.

cf09ba7e-99b6-413a-94b6-ef2cd6488992

ee2b08bd-1960-4795-a11d-15fa250a29fd

Ауыл коллекционерінің ендігі арманы музейін кеңейтіп, жәдігерлер санын көбейту. Әрі көзінің қарашығындай сақтаған шедеврлерін, халыққа кеңінен таныстыруды мақсат етіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT