М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты 1-10 сынып оқушылары арасында облыстық интеллектуалдық эстафетасы өткізілді.
Оған аталған білім ошағының «Болашақ» тобымен қоса облысқа қарасты әр өңірден 9 команда қатысты. Білім мен спортты қатар игеріп, біліктілер сайысында өздерін жан-жақты қырынан танытқан әуезовтіктер ақтық финалға өтіп, нәтижесіне жүлделі ІІІ-орынды иемденді.