Спорттық рух пен бірліктің көрінісі

(0 Votes)

10 қаңтарда Нұржау ауылында ауыл спортының дамуына елеулі үлес қосқан Құлмажитов Қайсар Исақметұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында және қазақ күресінен ересектер арасында аудандық ашық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған жарысқа барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты – жас ұрпақты спортқа баулу, ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ Қайсар Исақметұлының жарқын бейнесін жас спортшылардың жадында сақтау.

Жарыстың ашылу салтанатында Нұржау ауылдық округінің әкімі М. Мұғалім құттықтау сөз сөйлеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды. Шара барысында округ әкімі марқұмның туыстарына естелік хатын,  жарысты ұйымдастыруға атсалысқан, ауыл күресінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсырды.

Осыдан кейін Құрманғазы БЖСМ директоры Б. Құрамысов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Батуов сөз сөйлеп, турнирдің тәрбиелік және спорттық маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар марқұмның туыстары мен шәкірттері, сондай-ақ, Құлмағамбетов Қайсар Исақметұлының шәкірті, Нұржау ауылының тумасы, Атырау облысының дзюдодан аға жаттықтырушысы Зиноллаев Ж. Б. сөз сөйлеп, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті (Қ. Мұратұлы, А. Егінбайұлы, жаттықтырушы Ж. Өсерұлы).

Кіші жасөспірімдер арасындағы дзюдо жарысы тартысты өтті. Командалық есеп бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Нұржау ауылы
II орын – Исатай ауданы
III орын – «Жайдарлым» командасы

Жарысқа Исатай ауданы мен Құрманғазы ауданынан Ақкөл, Теңіз, Орлы, Нұржау ауылдары және «Жайдарлым» командасы қатысты. Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті.

Ересектер арасындағы қазақ күресі де жоғары деңгейде өтті. Нұржау, Жаңаталап, Ақкөл, Құрманғазы ауылы (Самаркино, Кіресті), Орлы және Теңіз ауылдарынан келген палуандар боз кілемде бақ сынасты.

Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар:

66 кг – Темірбек Дамир (Нұржау ауылы)
75 кг – Мухитов Еркінбек (Нұржау ауылы)
85 кг – Мажеденов Әділет (Нұржау ауылы)
+85 кг – Фазылов Нұрлыбек (Нұржау ауылы)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, чемпиондық белдіктермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Осындай мазмұнды спорттық шараға қатысқан барлық спортшыларға, көрермендерге, сондай-ақ турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Нұржау ауылының халқына, демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріледі. Бұл турнир – жастардың жігерін шыңдап, ұлттық спортқа деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды жарыс болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT