Спортшыларымыз облыста топ жарды

(0 Votes)
Спортшыларымыз облыста топ жарды

2020 жылдың 3-4 ақпан аралығында Атырау қаласында тірек қимыл-аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) және көру қабілеті зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтинг және армрестлингтен облыстық чемпионат өтті.

Бұл Чемпионатқа Атырау қаласы, Исатай, Махамбет, Жылой, Қызылқоға, Индер, Құрманғазы аудандары, барлығы 30-ға жуық спортшы - мүгедектер қатысты. Аудан намысын қорғаған 4 спортшымыз төмендегідей нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысында:

Пауэрлифтинг жне армрестлингтен - І орын Махаева Биғайша (аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы)

Пауэрлифтинг жне армрестлингтен - ІІ орын Қаршығалиев Серік (Көптоғай а/о тұрғыны)

Пауэрлифтинг - ІІ орын Жетпісқызы Жансұлу (Жаңаталап а/о тұрғыны)

Пауэрлифтинг - ІІІ орын Өтежанов Нұртай (Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің студенті)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521