Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Атырау қаласының «Мұнайшы» стадионында 9-11 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Оған әр командадан 5 ұл және 5 қыз қатысып, олар 2000 метр қашықтыққа жүгірді және 1000 метр қашықтық бойынша 4 қатысушы эстафеталық кроссқа жүгірді. Жалпы саны 9 команда (90 оқушы) қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында ауданымыздың Шортанбай жалпы орта мектебінің командасы барлық қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. Желаяқ қыздарымыздың алдағы уақытта да жеңісті күндері жалғасын таба бергей деген тілектеміз.
Айнагүл Күнұзаққызы