Құрманғазылық құрылысшылар үшінші орын иеленді

(0 Votes)

Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау облыстық құрылыс басқармасы қала және аудандағы бөлімдер, құрылыс мекемелері арасында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырды.

Жарысқа 12 команда қатысып бақтарын сынады. Турнирді өткізудің басты мақсаты құрылысшыларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау болды. Құрманғазылық аяқдопшыларды аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев бастап барды.

 Спорт – деңсаулық кепілі. Осы сөзді ұран еткен құрылысшылардан құралған командамыз тартысты ойын өрнегін көрсетті. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасановтың өзі командаластарын алаңға бастап шығып, жігерлерін жанып жеңіске жетелей білді. Турнирдің қорытындысымен жерлестеріміз жүлделі үшінші орынға көтерілді.

 

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521