Шайбалы хоккей мықтылардың мықтысын сынайтын командалық ойын.
Онымен көбі жүрегі дауалап айналыса бермейді. Бұқаралылығы орасан болған кеңестік кезеңнен кейін спорттың бұл түрімен тек саусақпен санарлық жігіттер ғана шұғылданып жүрді. Қыс түсіп, мұз қатса болды өзекке беттейтін Амантай Меңдалиев, Жандос Бектеміров, Айбек Шаждекеев, ағайынды Мұқашевтар бастаған ғана екі командаға толық толатын өзара сайысып бұл қызықты ойынның көрігін қыздырып жүрді. Осылардың интуазистік көзқарастарының арқасында жасөспірімдер арасында хоккей деген қызығушылық артып келеді. Жақында ұйымдастырылған Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған шайбалы хоккейден ерлер арасында аудандық жарыс де солардың еңбегі десек артық айтқандық болмас.
Мұз үстіндегі шайқасқа ауданның ардагерлер, жастар, мектеп оқушылары және Еңбекші ауылдық округінің командасы қатысты. Алды зейнет жасына жетіп, арты қырықтың қырқасынан асып үлгерген ардагерлер әлі де мықтылығын танытып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Екінші-үшінші орынды мектеп оқушылары мен жастар өзара бөлісті. Еңбекшіліктерге «Жеңіске деген ж»гері үшін» аталымы бұйырды. Жақсы ойынымен көзге түскен мектеп командасының ойыншылары Айсұлтан Хайыржан «Үздік ойыншы», Алдияр Сүндетов «Үздік қақпашы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегелерге бөлім атынан кубок, дипломдар табысталды.
Айбек Нәжімов