Ауданда жаз бойы белсенді жастар мен жас депутат Ануар Сабитов тің ұйымдастыруымен өткен футболдан жазғы чемпионаттың жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Кайрат Булеков сөз алып, ауданда спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен құрылысы жүріп жатқан спорт нысандарын айта келе, осындай жаз бойы халыққа жарқын эмоция сыйлаған чемпионатты ұйымдастырушы Ануар Сабитовке алғыс хат табыстады.

Доданың жабылу салтанаты одан әрі жалғасып, жеңімпаз командалар марапатталды.
Сонымен қатар Самаркин ауылы азаматтары Ануар Сабитовтың иығына қазақи салтпен шапан жауып, ризашылықтарын осылай білдірді.
Айта кетейік, бұндай ауқымды чемпионат аудандар ішінде ең алғаш біздің ауданда бастау алып, жалғасын тауып келеді.
Бұл ретте, жас та болса тындырымды ісімен көзге түсіп жүрген Ануар Сабитовтің еңбегін айтып өту керек. Спортқа деген ынта-жігерлеріңіз артып, аудан атын асқақтата беріңіздер.
