Қазақстан Дубай қаласында (БАӘ) өтетін UAE SWAT Challenge сайысына қатысады.

(0 Votes)

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда Дубай қаласында (БАӘ) өтетін UAE SWAT Challenge сайысына қатысады.

Командалар құрамына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлері енген, командалардың бірі - әйелдер құрамасы. Элиталық құрылымдар арасындағы халықаралық сайыс БАӘ-де жетінші рет өткізіліп отыр, оны “Арнайы жасақ олимпиадасы” деп те атайды. Биылғы сайыс 49 елден жиналған жүзден астам команда арасында өтеді.
Өткен жылдардағы сайыстарда Қазақстан арнайы жасақтарының командалары дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT