Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды

(0 Votes)

ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Негізі, әу баста 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда оралады деген жоспар болған.

Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді. Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT