Ел чемпионатында жүлдегер атанды

(0 Votes)

Ауданымызда кикбоксинг спорты қарқынды дамып келеді.

 Ашылғанына 2 жыл ғана уақыт өтсе де балалар жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, жаттықтырушы Аслан Мұқашевтің шәкірттері бүгінде түрлі додаларда аудан, облыс намысын қорғап жүр. Күні кеше кикбоксингтен жасөспірімдер арасында Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Зейнолла Серікқали атындағы мектеп интернатының 7 сынып оқушысы Койбағарова Сабина катысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Жаттықтырушысы Мұқашев Аслан Хайыржанұлы дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп жүрген шәкірттеріне дән риза. "Спортшыларымыздың жеңісін көріп, мен де жігерлене түсемін" дейді ол өз сөзінде.

Соңғы уақытта кикбоксинг спортына қызығушылар саны артып келеді. Жаттығып жатқандар арасында балалар мен жасөспірімдердің көп екендігі олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын көрсетеді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521