12-15 ақпан аралығында Дубайда (БАЭ) пара жеңіл атлетикадан еткен Dubai 2024 World Para Athletics Grand Prix-15th Fazza International Para Athletics Championships жарысы 68 мемлекеттен 524 спортшының басын қосты.
Құрманғазылық пара спортшылар 1 куміс пен 3 қолаға қол жеткізді, атап айтар болсақ; Теңіз ауылының тұрғыны Қайыржанова Гүлбахыт - найза лақтыруда 2-орын алса, ядро итеруде З-орын қанағат тұтты.
Ал, Мақаш ауылының тұрғыны Төлегенов Нәжімеден 100 метр және 200 метрге жугіруде қоладан қос алқа тақты. Екі спортшы да "Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" болып табылады