Бақыт Қарабалинаның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

(0 Votes)

Ұлттық домбыра күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен дарынды домбырашы Бақыт Қарабалинаның шығармашылығына арналған «Жұлдыздай аққан күй-ғұмыр» атты әдеби-сазды шара өтті.

Алдымен Қазақстан музыка мәдениетінің көрнекті өкілі, «Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, көзі тірісінде екінші Дина атанған Бақыт Қарабалинаның өмірі мен шығармышылығынан қысқаша бейнеролик көрсетілді.

fdcd6cd9-285a-4bf0-9778-f5bcf58b9e87

Шара қонақтары Д.Нұрпейісова атындағы өнер мектебінің ұстаздары Алмазия Жаһина, Гүлмира Сидеғалиева, Бақытгүл Оразова сынды домбырашы қыздар Құрманғазының «Балбырауын», Сейілхан Хұсайыновтың «Мереке» күйлерін орындады. Бұдан кейін Бақытгүл Оразова Динаның «8 март», республикалық, облыстық домбырашылар сайыстарының жеңімпазы Нұрлан Нұрдәулет Динаның «Терісқақпай», Әубәкіровтың «Талас», Алмазия Жаһина Динаның «Науысқы» күйлерін күмбірлетті.

Шараны кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Людмила Ибатоллақызы қорытындылады.  

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521