Аудан мұғалімдері – «спорт жұлдыздары»

(6 Votes)

«Қазақстан Республикасы Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс Федерациясы» мен республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен Халықаралық ұстаздар күніне орай Алматы қаласында онлайн жарыс өтті. Оған 50-59 жас аралығындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.

Ауданымыздың намысын М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ахат Тлеуғалиев және Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Қайыржан Бимурзаев қорғап, жүлделі III орынды иеленді. Нәтижесінде арнайы диплом, сондай-ақ «Спорт жұлдыздары» журналының редакция алқасының шешімімен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» куәлігі мен төсбелгісімен марапатталды.

Н.Утегенов,

«Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521