Атырауда кикбоксингтен облыстық чемпионат өтті

(0 Votes)

18-21 желтоқсан аралығында кіші жасөспірімдер арасында кикбоксингтен облыстық чемпионат өтті.

Өңірлік деңгейдегі сайыста 200-ден астам жас спортшы сынға түсті. Аталған спорттық доданың мақсаты – ең үздік спортшыларды анықтау. 

Үш күнге созылған бәсекеге Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрлыбек Сәрсенғалиевтің шәкірттері, Ғ. Мүсірепов мектебінің оқушылары Горбачев Алексей,  Булат Мансур, Жамбырбай Айқын, Серік Қанат, Сайын Алихан, Мәдібек Нұрсұлтан, Қамидолла Ерасыл қатысты.

Жарыстың нәтижесі бойынша әр түрлі салмақ дәрежесінде Сайын Алихан – ІІІ, Жамбырбай Айқын – ІІ, Қамидолла Ерасыл І орын иеленді. 

Жүлделі орындардан көрінген спортшыларға алдағы уақытта өтетін ҚР чемпионатында сәттілік тілейміз. 

Қуаныш Ақылбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT