5 ауданда спорт кешендері іске қосылады (+ ВИДЕО)

(0 Votes)

«Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданынан салынатын спорт кешеніне бүгінде қажетті жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда Атырауда 14 мыңнан астам бала спорттың 26 түрімен тегін шұғылдануда» деп хабарлайды atr.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов спорттық нысандарды аралап, бірқатар жаңалықтармен бөлісті. Мәселен, жыл аяғына дейін балаларға арналған тегін 315 қосымша секция ашылады.

Атап өтерлігі, Атырауда «Нұрсая» ықшам ауданынан 500 орындық спорттық мектеп-интернат-колледжі салынады. Ал, жыл соңына дейін Исатай ауданының Жанбай, Махамбет ауданының Махамбет, Мақат ауданының Мақат, Индер ауданының Жарсуат, Қызылқоға ауданының Миялы, Сағыз ауылдарынан спорт кешендері пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өткен орталық жүзу бассейнінде 600-ден астам бала спорттың 4 түрі бойынша тегін жаттығуда, жыл соңына дейін мұнда келушілердің саны 1 мыңға жуықтайды деп күтілуде.

Осы ретте биыл наурызда Индер ауданының Өрлік ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілгенін атап өткеніміз жөн.

Қазіргі таңда облыста 17 спорт мектебі, 7 дене шынықтыру даярлық клубы жұмыс істейді,  кәсіби клубтар жанынан ашылған 3 академия және 2 балалар орталығы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521