Жастар - жарқын болашақтың бастауы

(1 Vote)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірнші сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің жастары әрдайым өзінің назарында екендігін және олардың билік аренасына жаңадан аяқ басып, ел болашағының жарқын болуына септігін тигізіп жатырғанын айта кетті.

Қазіргі кездегі жастардың 21 ғасырдағы инновациялық немесе технологиялық прогрессиядан бөлек, өз ісіне деген жауапкершілігі көбейіп, еліне деген патриотизімі дамуда. Жастар – жарқын болашақтың бастауы. Бүгінгі жастар үшін жасалынып жатырған оңды саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Жасалған әр дүниенің артынан сұрауы бар. Жастардың қандай тәрбие алып, қандай ортада өсіп , сонымен қатар қандай дүниелермен айналысып жатырғаны маңызды. Жас буын қоғамдық жұмыстарға ат салысып, шаралар атқарып, белсенділері Парламенттің, мәслихаттың депутаттары болып сайланды.

Ендігі кезек, жастардың өздеріне артылған жауапкершілікке тиянақты болып, берілген мүмкіндікті пайдаланып, елдің мүддесі үшін қызмет етіп, көшбасшы болуға атсалысуында. Өз елі үшін аямай еңбек етуге дайын жастарды қолдауға дайынмын. Жаңа көзқарас, жаңа оймен болашағымызды дамытатындығымызға сенімім мол!

Бекзат Казиханов,

жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT