«Bastau Бизнес» берері көп жоба

(0 Votes)

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі жаңа бизнес көздерін ашу мақсатында «Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарлар ұйымдастыру қолға алынды.

Ауданымызда да басталған семинарды өткізуші бизнес-тренері Серік Құмармен сұхбаттасқан едік. - Серік Бақтығалиұлы, аталмыш жобаның мән-маңызын, оған қалай қатысуға болатындығын қысқаша түсіндіріп өтсеңіз? - Өткен жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырған жаңа бизнес-жобаға Атырау облысының Индер, Исатай, Махамбет және Қызылқоға ауданының тұрғындары қатысты.

Биылғы жылы Құрманғазы ауданында осы жоба бастау алды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын үйретеді. Жобаға қатысу үшін міндетті түрде тестілеуден өту керек. Бұл сынақ кәсіпкерлікпен айналысу қабілетін анықтайды. Жоба 6 лектен тұрады. Бірінші топ 16 сәуірден бастап 15 мамырға дейін, ал екінші топ 23 мамыр мен 25-ші мамыр аралығында тестілеуден өтеді.                                                                                            

Тренинг 28 мамыр мен 22 маусым аралығында оқытылады. Әрі қарай қалған топтарға ұйымдастырылады, соңғы 6-шы топ 25 маусым мен 23 шілде аралығында оқып аяқтайды. Оқу барысында көпшіліктің алдында сөйлеу машығы да үйретіледі. Бұл алдағы уақытта бизнес-жобаны комиссия алдында қорғауға септігін тигізеді. Тиісті қаржылық институттардың несиелік комиссия алдында да қорғағанда да қажет. «Бастау Бизнес» жобасының ең басты артықшылығы – тегін.

Ауыл тұрғындары үшін өте пайдалы. Тестілеуден өтіп, оқу процесіне қабылданған білім алушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оқуды аяқтап, сертификат алған азаматтарға семинарға қатысқаны үшін стипендия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар, маркетинг негіздерінен тұрады. Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмегі бар. Бизнес жобасын қорғағандар 6 пайыздан басталатын жеңілдетілген ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылығы емес бағыттардағы несиеге қол жеткізеді. Қаржыландыру шешімі шығарылған соң кәсіпкерлер палатасының филиалы іске қосылған бизнес-жобаларды 12 ай бойы сүйемелдейтін болады. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елді мекендерде, аудан орталығында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) құқылы.

Тренингке қатысу үшін Ганюшкин ауылы, М.Ғилаев көшесі,10 үйге келіп жоба координатор Ақтілекке аяқтай келіп, немесе 8 7(1233)2 03 08 телефоны арқылы жолығуларына болады.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT