Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жандардың жағдайлары бірқалыпты

(0 Votes)

9 ақпан күні «Атырау-Астрахан» жолының Құрманғазы ауылына кіре берісі тұсында жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

«Lada-2170» Priora көлігі «Нива-2121» көлігіне соқтығысып, нәтижесінде 72 жастағы әже оқиға орнында мерт болды. БАҚ өкілдері оқиға орнында зардап шеккен тұрғындардың жағдайын білу үшін аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург-дәрігер Нұрғиса Қайратұлымен тілдесті.

- Сол күні түс мезгілінде аудандық ауруханаға 5 адам дереу жеткізілді. 1980 жылғы әйел адам ауыр жағдайда түсті. Бас миының орта дәрежедегі соғылуы, оң жақ қар сүйектің жабық сынығы т.б. жарақаттар анықталды. Қосымша алғашқы айдағы жүктілігі де бар екен. Қан тобы анықталып, дереу қан құйылды. Тез арада травматолог, хирург, анестезиолог дәрігерлеріміз қос-қостан жиналып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетілді. Кеше санитарлық авиация шақыртылып, сағат 16-30-да МИ-8 тікұшағымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қалған емін сол жерде жалғастырады. 5 жасар ұлы да ауруханаға ауыр жарақатпен түсті. Оның да бас сүйектеріне зақым келген. Ол да санитарлық авиациямен анасымен бірге ұшырылды. Жолдасы мен 2004 жылы дүниеге келген қызының жағдайлары бірқалыпты. Қол-аяқтары сау. Оларға жергілікті дәрігерлер ем-дом көрсетуді жалғастыруда. Ал ауруханаға түскен Priora көлігінің жүргізушісі де ауыр жарақатына байланысты тікұшақпен облысқа жеткізілді, - деді.

А.Шакупова

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21