Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.
Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бастап 274 тұлғаның құқығы қалпына келтірілді.
Оның ішінде, арыз-шағымдарды қарау, қорытындысы бойынша 25 азаматтың құқығы қалпына келтіріліп, 334 981 теңге көлемінде қаражаттары өндірілдген болса, 249 қатардағы мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидатарына негізделген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметсаласындағы заңнама талаптарының сақталуы – Департаменттың басты назарында. Осы тұста, бірқатар бастамашыл талдау жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы, оның ішінде, іссапар шығындарының төлеу барысында тиісті талаптардың бұзушылығының алдын алу мақсатында Департаментпен талдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда, 105 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, сәйкесінше, 5,8 млн.теңге қаражаттары өндірілген болса, негізсіз артық төленген 154 мың теңге көлеміндегі іссапар шығыны бюджетке кері қайтарылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бұзыла отырып, негізсіз 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіртіп жаза қолдану туралы өкімдердің күштері жойылса, 1 мемлекеттік қызметшіден негізсіз бюджетке қайтарылған 182 мың теңге көлеміндегі қосымша ақысы қайта өндірілді.
Бұдан өзге, артық жұмыс жасау фактілерінің жолын кесу мақсатында жүргізілген талдау қорытындысымен қазіргі таңда 116 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалып, оларға тиесілі демалыс уақыттары берілген болса, артық жұмысқа негізсіз тартуға жол берген 9 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Атап өту қажет, заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілген.
Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған.
Ендігі уақытта Департаменттің алдында осы тұжырымда аясында
да бірқатар шараларды атқару жұмыстары көзделгендігін, сәйкесінше, орындалысын табатынын атап өткен жөн.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі
кеңес төрағасы Н. Еркебаев