Жастарға арналған мүмкіндіктер

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында жастар мәселесіне айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы жас ұрпақтың білім алып, еңбек нарығында өз орнын табуына жағдай жасау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Бұл сөздер қазіргі жастарға үлкен сенім мен жігер береді.

Сонымен қатар, Президент жастар кәсіпкерлігін қолдау, гранттар мен жаңа білім бағдарламаларын көбейту, ауыл жастарына мүмкіндік ашу секілді маңызды бағыттарды көрсетті. Осындай қолдау шараларының арқасында жастар елдің инновациялық, экономикалық және мәдени дамуына белсенді үлес қоса алады.

Жалпы, бұл жолдаудағы жастарға қатысты бастамалар – болашақтың іргетасын қалауға бағытталған нақты қадамдар. Ел болашағы – білімді, ойлы және отаншыл жастардың қолында екенін тағы бір дәлелдейді.

Әділет Амангелді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT