Жастар арасында инстаграм желісінен гөрі тиктоктың танымалдылығы күн санап артуда

(0 Votes)

Қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын 4 курс студенті Әдемінің инстаграм желісінен бас тартқанына көп айдың жүзі болды. Оған инстаграмдағы курс өткізетін жандар мен гив өткізетін блогерлер себеп болған екен. Қазірде Әдемі тикток мобильді қосымшасының белсенді қолданушысы. Алғашында бұл қосымша оған  біртүрлі болып көрінсе де, уақыт өте келе тиктокта инстаграмға қарағанда әлдеқайда шынайы, заманауи адамдар отыратынын байқаған. Қазірде ол керексіз ақпараттардан арылып, өз уақытын әлдеқайда тиімдірек пайдаланып жүр. 

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің адам өміріндегі атқаратын рөлі жоғары. Әлеуметтік желі арқылы хабар алмасамыз, танысамыз, өз өмірімізідң бір бөлігін қалың көпшілікке жария қыламыз. Тіті өз нәпақасын осы әлеуметтік желілер арқылы тауып жүргендер қаншама.  Әрине бұны жамандыққа балауға болмайды. Алайда одан бөлек, әлеуметтік желі қазір жастардың тәрбие не үлгі алатын ортасына айналғаны рас.  2014-2015 жылдар инстаграмның алтын дәуіріне айналды.  Сурет пен бейнежазбаны бөлісу үшін әлем бойынша көптеген адамдар тіркеліп, инстаграм әлем бойынша көп қолданушыларын өзіне қаратқан еді.  Алайда қазір инстаграмды бұрынғыдай актуальды деп айта алмаймыз. Неге?Өйткені,  инстаграмнан да асып түсетін жаңа қосымша пайда болды.  Бұл тикток қосымшасы.  Тикток қаншама жылдар бойы инстаграм жетпеген жетістіктерге  жетіп, санаулы уақыт ішінде әлемді өзіне қаратты. 2020 жылдың тамыз айында қытайлық қосымша ең танымал қосымша деп саналды.  Apple store және Google playде  аталмыш қосымша 63,3 рет жүктелген екен.  Статистикалық мәліметке сүйенсек, Ресейде 8 миллион  адам тиктокты айына бірнеше рет қолданса, 3 млн адам тұрақты түрде күнде қолданады.  Осыған қарап, бұл қосымшаның жастардың фаворитына айналғанын байқауға болады.

Оған мысал өзімнің сыныптасым Әдемі. Әдемі инстаграм нарықта пайда болғаннан бастап, оның тұрақты қолданушысының бірі болды. Үнемі жаңа таныстық, жаңа ақпарат, түрлі креативті фотолар мен видеолар оған қатты үнайтын. Алайда,  инстаграмнан бас тартуына карантиндегі инстаграмдағы жағдайлар әсер еткен екен.  Яғни, инстаграмдағы бітпейтін конкурстар, лото ойындар мен гив оны мезі қылатын болған.  Сонымен қатар, онлайн дәуір басталғандағы неше түрлі курстардың көбеюі,  әркім өз аудио кітапшаларын сатуы оның көңіл-күйін әбден түсірген екен. Осындай кезеңдерден кейін,  ол жаңа қосымшаның тарап жатқанын байқап, бірден тірклеіп алыпты.  Қазірде Әдемінің тиктокты қолданып келе жатырғанына 2 жылдан асты. Осы аз ғана жылдар ішінде ол өз парақшасын дамытып қана қоймай, өзімен бірге бір толқында дамып, оқып жүрген студенттермен де танысып үлгерген екен. 

Тиктокка көшкен тек Әдемі емес, оның қатарында SDU жоғары оқу  орнының біршама студенттері де бар. Олармен сөйлесе келе, инстаграм және тиктоктағы парақшаларын салыстыра отыра, олардың инстаграмнан гөрі тиктокта шынайы екендігін байқадым. Инстаграм желісінде бәрі әдемі, бақытты кездерін салып бөліскенмен,  өмірде болатын көптеген қиындықтарын немесе қызықты оқиғаларымен тиктокта ашық жариялап, өз ішкі сезімдерін көрсете білген. Яғни, жастар арасындағы маңызды ментальды денсаулық, буллинг, оқу үлгерімі, жігітпен қарым-қатынас, секілді дүниелерді тиктокта қызықты форматта бөлісіп, өз өздерін тұлға ретінде аша білгендей. Тіпті өз шағын кәсіптерін де осы тикток арқылы дамытып отырмын деген жастардың қарасы да көп болды. Иә, қазіргі жастардың үлкен буыннан бөлек, ерекше деген сөзді үнемі естиміз. Тіпті осы жас буынды түсінбейтін ата-аналар да бар. Егер заманауи жас буынды көбірек түсінгісі келсе, ең алдымен осы қосымшаға жазылу керек шығар деп ойлаймын. Өйткені, бұл қосымша расында жастардың бірін-бірі қолдайтын, өз өкініштерін айтып, өмірлерінің қызықты да көлеңкелі тұстарымен бөлісетін ортаға айналды.  Видео арқылы адамның өз өмірінің бір бөлігін, жан күйін сезіндіруі, қоғамға ашық болуы  бұл бұрын-соңды болмаған құдды бір ғажап құбылыс секілді.

Дегенмен қанша керемет десек те, осыдан екі жыл бұрын АҚШ-та тикток қауіпті қосымша деп саналып, АҚШ территориясында бұл қосымшаға тыйым салынған болатын. Онымен қоса Италияда 10 жасар қыз TikTok қауіпті челленджге қатысып, қайтыс болып, кейіннен Стамбулда 23 жастағы Кубра Доган шатыр үстінде билеймін деп мерт болып, аталмыш қосымшаның  адам өміріне де зиянын тигізген тұстары барын да  ұмытпаған жөн.

Мадина Жеделбаева,

СДУ университетінің 4 курс студенті

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT