2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында экономиканы цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Президент бұл бағыттың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Бүгінде жасанды интеллект – әлемдік өркениеттің қозғаушы күші. Осы саланы дамыту арқылы Қазақстан инновациялық жобаларды жүзеге асырып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайта алады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мемлекеттік басқару сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін жақсартады.
Президенттің бастамалары елдің цифрлық болашағын айқындап, жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Жасанды интеллектке негізделген білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда тың серпін пайда болмақ.
Болашақ – ақыл мен технологияның бірлігінде. Сондықтан Жолдауда айтылған идеяларды іске асыру – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.
Гулдана Серикбаева