Жас қазақстандықтар үшін отбасылық құндылықтар бірінші орында – зерттеу

(0 Votes)

British Council ұйымы жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» атты зерттеу нәтижелері жарияланды.

Бұл зерттеу аясында ұйым жастардың пікірін білдіруге мүмкіндік беретін «Next Generation» («Келесі ұрпақ») платформасын ұсынады. Жоба жастардың армандары, проблемалары және қоғамды қалыптастырудағы рөлі туралы түсінік алуға бағытталған.

Қазақстандағы зерттеу LSE Consulting, Орталық Азия Барометрі (ОАБ) және жоба Консультативтік кеңесімен серіктестікте жүзеге асырылды.

Зерттеуге 18–35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты:

• 1202 адам – репрезентативті сауалнамада,

• 68 адам – сұхбаттар мен фокус-топтарға қатысты.

🔹 Зерттеу әдістемесі бес компоненттен тұрды:

• Әдеби шолу – Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және демографиялық контекст туралы мәліметтер жинау;

• Сауалнама – жастардың көзқарастары, басымдықтары, білім беру, жұмыспен қамту, азаматтық белсенділік және жаһандық перспективаларға қатысты пікірлерін зерттеу (халықаралық Next Generation сауалнамасы негізінде, Қазақстан контекстіне бейімделген);

• Көшбасшылармен сұхбаттар – 20 жас көшбасшының әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерге көзқарасын талдау;

• Фокус-топтар – Астана, Алматы және Атырау қалаларында 6 фокус-топ ұйымдастырылды (әр қалада 18–24 жас және 29–34 жас аралығындағы екі топтан);

• «Тоқта да ойланып көр» семинарлары – жоба кеңесі мүшелерімен (10 сарапшы, белсенділер мен практиктер) екі семинар өткізілді. 

🔹 Негізгі қорытындылар:

1. Отбасы және шыққан тегін мақтан тұту Жастар үшін отбасы – ең маңызды құндылық. Отбасы олардың өміріне ең көп әсер ететін фактор болып табылады (достар мен құрдастар – екінші орында).

• 80%-дан астамы отбасын басты құндылық деп санайды.

• Жеке жетістік пен бақыт ұғымдары да отбасы мен жақын ортасына байланысты қалыптасады.

2. Оптимизм мен сенімді көзқарас Жастар қазіргі қиындықтарды байсалды бағалай отырып, болашаққа сеніммен қарайды:

• 80%-дан астамы елдің дамуына және жеке болашағына оң көзқараста.

• 86% ерлер мен 83% әйелдер өмір сапасына қатысты оптимистік пікірде.

• 87% ерлер және 82% әйелдер болашақ мансаптарына сенімді.

3. Білім – қоғамды өзгерту құралы

• 57% жастар білім беру сапасы жақсарып келеді деп санайды.

• 70%-дан астамы білімді жаһандық мәселелерді шешудің ең тиімді жолы деп есептейді.

• Ең қажетті дағдылар: көшбасшылық, коммуникация, шешім қабылдау.

• Қазақ және ағылшын тілдерін білу – басты артықшылық.

• 80%-дан астамы шет тілдерін оқуды маңызды деп есептейді (жұмысқа орналасу, білім алу, жаңа байланыстар орнату үшін).

4. Кәсіпкерлікке қызығушылық

• Жастардың 2/3 бөлігі алдағы 5 жылда жеке бизнес ашуға ниетті.

5. Қазақстанның халықаралық рөліне қызығушылық

• Жастар елді географиялық, дипломатиялық және мәдени көпір ретінде көреді.

• Қазақстанның аймақтағы ірі экономика ретіндегі рөлі мен прогрессивті беделі – мақтаныш көзі.

6. Экологиялық мәселелерге алаңдаушылық

• Ең өзекті мәселелер: ауаның ластануы, қалдықтарды басқару, су тапшылығы.

• Жастар бұл мәселелерді шешуге дайын және белсенді.

7. Азаматтық белсенділік және жаңа трендтер

• Жастар нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды өздері ұйымдастырады (мысалы, инфрақұрылым, мүгедектігі бар адамдарға көмек).

• Цифрлық белсенділік – блогтар, комикстер, музыка, экологиялық өнер арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтеру кең тарауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT