ЖАНҰЯДАҒЫ ЖАРАСТЫҚ – ШАҢЫРАҚ БЕРЕКЕСІ

(0 Votes)

ОТБАСЫ – ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТЕК ӘЙЕЛДЕРГЕ ҒАНА ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА ДА МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАП, ТҰРМЫСТАҒЫ ҚЫСЫМДЫ БОЛДЫРМАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ.

Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалады. Шағым түсіруге күйеуім қысымды күшейтеді деп қорқады да, көп жайт отбасының айналасында қалып қояды. Елімізде неке қию саны төмендеп, есесіне ажырасулар саны өсіп барады. Соның салдарынан толық емес отбасылар құрамында жалғызбасты аналардың саны басым. Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық- зомбылық. Құқық қорғау органдарында оған қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды.Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық- зомбылыққа нәзік жандар көбірек ұшырайды. Отағасы күн сайын арақ ішіп келіп, әйелін ұрып, бала-шағасының берекесін қашыра берсе, әйел не кетіп тынады, не қылмыс жасайды. Сөз соңында айтар тілек, қай халық болмасын, әйел затына ықыласпен қараған, қазақ халқында әйелдің орны ерекше, ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер азаматтар әйелдер қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген.

Ерлерге әйел затын аялай біліңіздер дегім келеді. Ал, әйелдер тең құқыққа ие болып, жақсы өмір сүруге, бақытты ана, сүйікті жар болуға лайықтысыздар. Егер құқықтық психологиялық көмекті қажет етсеңіздер, қамығып, іштен тынбай, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіздер.

Дидар САХИБЕДЕНОВ,

Азғыр ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT