Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған маңызды құжат болды. Президенттің басты назарды әділетті қоғам құруға, жастардың білім мен ғылымға қолжетімділігін кеңейтуге, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға аударуы – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.
Сонымен қатар, Жолдауда индустрия мен ауыл шаруашылығын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, цифрландыруды жеделдету секілді бағыттар айқын көрсетілді. Бұл қадамдар Қазақстан экономикасының тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, халықтың күнделікті өміріне тікелей оң әсерін тигізетіні анық.
Жалпы алғанда, Президенттің 2025 жылғы Жолдауы қоғамды біріктіруге, жаңа мүмкіндіктер ашуға және еліміздің болашағын айқындауға арналған стратегиялық бағдарлама ретінде бағаланады.
Әділет Амангелді