ЗАМАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

(0 Votes)

ҚОҒАМДАҒЫ ӨТЕ ӨЗЕКТІ БОЛЫП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ. ЕЛ ІШІНЕ БІЛІНБЕЙ КІРГЕН ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНАР КАРУЫМЫЗ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ. «ҚОҒАМ - ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ» ДЕЙМІЗ, АЙНАЛАМЫЗ ТАЗА БОЛСА, ӨЗІМІЗДІҢ ӘСЕМДІГІМІЗ ЕРІКСІЗ БАЙҚАЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ДА ҚОҒАМ ТҮГЕЛ ҚАРСЫ БОЛҒАНДА ҒАНА БҰЛ КЕСЕЛ АРАМЫЗДАН АЛШАҚТАЙДЫ. ОНЫ ЖОЮ – БӘРІМІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ. ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМҒА ҒАНА ЗАЛАЛЫН ТИГІЗІП ҚОЙМАЙДЫ, СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДІ ДЕ ҚҰРДЫМҒА ЖІБЕРЕР ҮЛКЕН КЕСАПАТ.

Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп ойлау теріс пікір, жемқорлықпен бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Қоғам кеселінің орын алу себептері мен жағдайларын анықтау мен жоюға бағытталған жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердің көшбасшылары қатарында тұрған елдердің тәжірибесі адал өмір салтын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін қалыптастырады. Заңға мойынсынушылық пен оның алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Қоғам кеселімен күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамның барлық күш-жігерін біріктіру қажет. Өйткені, жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу кешенді және дағдыдан тыс тәсілдерді керек етеді.

Әлия ШУРИНА,

аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT