Түскен өтініш – тұрақты назарда

(0 Votes)

2025 жылдың жеті айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы  558 өтініш тіркелді. Оның ішінде арыздар- 326, шағымдар - 13, сұрау- салу, үн қосу, хабарламалар -158, ұсыныстар - 31.

Аудан әкімі аппаратына - 306, ауылдық округ әкімі аппараттарына - 153, ауданның дербес бөлімдеріне 99 өтініш түсіп, 496-сы қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені - 369, оң шешілгені - 95, қараусыз қалдырылғаны – 23.  Орындалу үстіндегісі – 49, 19 өтініш құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға қарауға жіберілді.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды: жер қатынастары – 144,  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық – 156,  жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек -35, білім – 2, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 3,  мәдениет, спорт, ономастика - 18, құрылыс - 4. Осылардың ішінен жер мәселесі бойынша - 62, коммуналдық шаруашылық мәселесі - 10, мәдениет, спорт, ономастика саласы - 6, құрылыс - 1, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы - 2, тағы басқа мәселелер бойынша  59 өтініш оң шешілді.

2025 жылдың жеті айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 252 қабылдау ұйымдастырылып, 590 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 136 өтініш бойынша оң шешімін тауып, 391 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде аудан әкімімен 28 қабылдау ұйымдастырылып, 108 азамат жеке қабылданды. Қаралуда -17 өтініш.

Ағымдағы жылдың шілде айында келген азаматтардың саны – 52. Оның ішінде 13 адам кеңес алса, 38 азамат мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдауында болды. Азаматтарды қабылдау орталығы бойынша тіркелген өтініштердің саны – 48.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.   

Ернар БОРАНҒАЛИЕВ, 
аудан әкімі аппарат басшысының 
міндетін атқарушы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT