Цифрландыру мен инновацияның маңызы

(0 Votes)

2025 жылғы Президент Жолдауында еліміздің цифрлық даму бағыты айқын көрсетілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект, инновациялық технологиялар және цифрлық экономикаға басымдық беру арқылы Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басатынын айтты. Бұл – заман талабына сай шешім.

Цифрландыру мемлекеттік қызмет сапасын арттырып қана қоймай, экономиканың тиімділігін де күшейтеді. Инновацияға сүйенген экономика – дамыған елдердің тәжірибесі екенін жақсы білеміз. Сондықтан елімізде ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту, ІТ-мамандар даярлау және өндірісте автоматтандыру жүйелерін енгізу аса маңызды.

Менің ойымша, Президенттің бұл бастамасы – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналуына үлкен мүмкіндік. Цифрлық даму мен инновация – болашақтың кепілі, ал осы бағыттағы нақты қадамдар елдің өркендеуіне серпін береді.

Бралиева Гулдана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT