Президенттің жолдауында айтылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және су инфрақұрылымын жаңғырту – еліміздің тұрақты дамуы үшін шешуші бағыт екені айқын көрінеді. Әсіресе, инфрақұрылым тозып, коммуналдық жүйелердің тиімділігі төмендеген қазіргі кезеңде бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды.
Мемлекет басшысы ерекше атап өткен маңызды тұс – цифрландыру мен жасанды интеллектті инфрақұрылым саласына кеңінен енгізу. Бұл тек бақылау жүйесін күшейтіп қана қоймай, су ресурстарын дәл есептеуге, шығындарды азайтуға, апатты жағдайларды алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Яғни, AI – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын нақты құрал.
Сонымен бірге BIM сияқты интеллектуалды құрылыс технологияларын енгізу – құрылыс сапасын бақылауды жаңа деңгейге көтереді. Бұл болашақта бюджет тиімділігін арттырып, инфрақұрылымды жоспарлау мәдениетін қалыптастырады.
Коммуналдық шаруашылық пен су инфрақұрылымын жаңғырту – тек техникалық мәселе емес, елдің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының негізгі факторы. Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру – еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берілген нақты бағыт.
Елдос Бектемиров,
еңбек ардагері


