Трагедиядан кейінгі өмір: Атыраулық Айзада қалай бәрін қайтадан бастады  

(0 Votes)

2024 жыл 23 жастағы Айзада Қуандыққызы үшін өміріндегі маңызды кезең болды. Бір күнде ол үйін, отбасын және денсаулығын жоғалтты. Өмір аяқталғандай көрінді. Бірақ Айзада ішкі күшін тауып, алға ұмтылып, жаңа өмірін бастады.

 

Айзада Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Ренко» қонақүйінде жұмыс істеген. 2021 жылы тұрмысқа шықты, және бәрі әдеттегі, тыныш өмірдей көрінді. Бірақ 2024 жылдың 2 қаңтарында оның үйінде газ жарылысы болды.

 

— Сол күні менің арқам, кеудем, қолым мен табанымның 69%-ы үшінші дәрежелі күйік алды. Үйде мен, ата-анам және балаларым бар еді… Өкінішке қарай, ата-анам мен балаларым қаза тапты, — дейді Айзада, көзінен жас ағып.

 

Екі ай ауруханада болу оның өміріндегі ең ауыр сынақ болды: ұйқысыз түндер, таңып-қаптау, қозғала алмау. Өмір аяқталды деген ойлардан арылу мүмкін болмады. Бірақ бір жылдан кейін Айзада «Біз де адамбыз» қорының әлеуметтік желідегі парақшасын кездейсоқ көріп, «Тиімді реабилитация» жобасы туралы білді, ол «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан.

 

Қордың алғашқы шарасында ол мүгедектігі бар, бірақ белсенді, қуанышты өмір сүретін адамдарды көрді. Бұл оның өзіне деген көзқарасын өзгертті.

 

— Бұрын мен ойлайтынмын: «Егер мен мүгедек арбада отырсам, ештеңе істей алмаймын». Бірақ қордағы адамдар маған көрсетті: өмір жалғасады, тіпті арбада отырып та көп нәрсеге қол жеткізуге болады.

 

«Мен дайынмын!» қысқа мерзімді бағдарламасы туралы білген соң, Айзада SMM курсына жазылды. Фарида Хакимнің жетекшілігімен оқу оған өз күшіне сенуге және камера алдындағы қорқынышты жеңуге көмектесті.

 

Бүгін Айзада өз әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі жүргізеді, жаңа байланыстар тапты және біртіндеп SMM саласында қызмет ұсына бастады. Ең бастысы — «мүмкін емес» деген сөз оның өмірінен кетті.

 

— Бұрын өзімді жалғыз сезінетінмін, қазір білемін: мен сияқты адамдар көп. Өмір тоқтаған жоқ — ол енді ғана басталды. Әр өзгерісім мен үшін және отбасым үшін қуаныш. Барлық арманым орындалатынына сенемін, — дейді Айзада.

 

«Мен дайынмын!» курстары іске қосылған сәттен бері 20-дан астам қатысушы жаңа мамандықтар меңгерді — SMM мен таргетингтен бастап кондитерлік іс және массажға дейін — және алған білімдерін практикада сәтті қолдануда. «Біз де адамбыз» қоры барлық мүгедектігі бар адамдарды жаңа өмірге қадам жасауға және мамандық игеруге шақырады.

 

 

«Біз де адамбыз» қоры — «Теңізшевройл» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының серіктесі. Қордың миссиясы — мүгедектігі бар адамдар белсенді және толыққанды өмір сүру үшін жаңа мүмкіндіктер алатын, шынайы инклюзивті және тең құқықты қоғамды қалыптастыру.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT