Су ресурсының тапшылығы - өзекті мәселе

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған 2025 жылғы Жолдауында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылғанын атап өткім келеді. Бұл – уақыт талабына сай, өте орынды шешім деп есептеймін.

Қоршаған ортаның ластануы, су ресурстарының тапшылығы, орман алқаптарының азаюы және ауа сапасының төмендеуі – еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті мәселеге айналды. Президент осы түйткілдердің алдын алу мақсатында экологиялық заңнаманы жетілдіру, табиғатты қорғау шараларын күшейту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.

Әсіресе, Президенттің Қазақстандағы су тапшылығы мәселесіне тоқталып, су үнемдеу технологияларын енгізу, ирригациялық жүйелерді жаңғырту туралы ұсыныстары – ауыл шаруашылығы мен экожүйенің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадамдар.

Сондай-ақ, жастарды экологиялық мәдениетке баулу, мектептерде экологиялық білім беруді күшейту – болашақ ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырады деп сенемін.

Меніңше, Жолдауда айтылған экологиялық бастамалар – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың назарында болуы тиіс. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Президент ұсынған бағдарлама жүзеге асса, еліміздегі экологиялық ахуал едәуір жақсаратынына сенімім мол.

Бахтияр Бимурзаев,
Қоғам белсендісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT