Президент Жолдауы: жастарға жаңа мүмкіндік

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында жастар саясатына ерекше мән берілді. Мемлекет басшысы елдің болашағы – білімді, еңбекқор және патриот жастар екенін атап өтті. Жастарға сапалы білім беріп, оларға еңбек нарығында өз орнын табуға мүмкіндік жасау – басты міндет.

Президенттің бастамасымен жүзеге асатын жаңа жобалар мен бағдарламалар жас ұрпақтың дамуына, кәсіби шыңдалуына және елге қызмет етуіне жол ашады. Жолдауда айтылған жастардың инновациялық идеяларын қолдау, кәсіпкерлікке тарту және тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты бастамалар – олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған нақты қадамдар.

Ел болашағы үшін жасалып жатқан бұл реформалар – жас буынның сенімін арттырып, жаңа Қазақстанның іргетасын нығайта түседі.

Рахимова Мейрамгүл 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT