Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа бағыты

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы – еліміздің дамуына серпін беретін стратегиялық құжат. Президент экономиканы әртараптандыру, инновация мен жасанды интеллектті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік әділеттілік орнату мәселелеріне ерекше тоқталды.

Бұл Жолдау – жаңа Қазақстанның нақты істер мен нәтижелерге негізделген даму бағытын айқындайды. Әсіресе, жастар саясаты мен білім саласына берілген назар – болашаққа салынған инвестиция. Біз, әрбір азамат, осы мақсаттарға жетуге өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Президент ұсынған бастамалар ел бірлігін нығайтып, экономикалық өсімге жол ашады деп сенемін.

Оразғалиева Ақмарал

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT