ОН АЙДА ТІРКЕЛГЕН ӨТІНІШ

(0 Votes)

2025 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА АУДАН БОЙЫНША «Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДАН БАРЛЫҒЫ 835 ӨТІНІШ ТІРКЕЛДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ АРЫЗДАР – 500, ШАҒЫМДАР – 16, СҰРАУ САЛУ, ҮН ҚОСУ, ХАБАРЛАМАЛАР – 269, ҰСЫНЫСТАР – 50. АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНА – 472, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ АППАРАТТАРЫНА – 228, АУДАННЫҢ ДЕРБЕС БӨЛІМДЕРІНЕ 135 ӨТІНІШ ТҮСТІ. БАРЛЫҒЫ 783 ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ. АТАЛҒАН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ НӘТИЖЕСІМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ТҮСІНІК БЕРІЛГЕНІ – 523, ОҢ ШЕШІЛГЕНІ – 145, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРЫЛҒАНЫ – 59. ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ – 21, ҚҰЗІРЕТІ БОЙЫНША БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНҒА 35 ӨТІНІШ ҚАРАУҒА ЖІБЕРІЛДІ.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды: жер қатынастары – 228, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық – 199, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек – 42, білім – 2, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 4, мәдениет, спорт, ономастика – 19, құрылыс – 7. Соның ішінде жер мәселесі бойынша – 112, коммуналдық шаруашылық мәселесі – 20, мәдениет, спорт, мәдениет және ономастика саласы – 6, құрылыс – 3, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 2, әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 1 өтініш оң шешілді.

2025 жылдың 10 айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 331 қабылдау ұйымдастырылып, 735 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 188 өтініш оң шешілді, 480 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде аудан әкімімен 38 қабылдау ұйымдастырылып, 145 азамат жеке қабылданды. Ағымдағы жылдың қазан айында азаматтарды қабылдау орталығына келген азаматтардың саны – 34. Оның ішінде кеңес алғандар саны – 20, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 14, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 51. Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov. kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.

Д.ЕРДЕШОВ,

аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT